Хабиб Зубайрамен бірге UFC-ден кетпекші

Хабиб Зубайрамен бірге UFC-ден кетпекші

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов командалық жолдасы  Зубайра Тухуговты төбелес шығарғаны үшін қуып жіберсе, промоушннен кететін айтты.

«Екі команда да төбелес шығарған болса, неге жалғыз менің тобым жапа шегуі керек?! Егер төбелесті мен бірінші боп бастаған болсам - бітуі керек істі аяқтадым [Конормен].

Кез келген жағдайда, мені жазалаңыздар! Тухуговтың не қатысы бар?! Зубайраның жекпе-жегін болғызбадыңыздар! Онымен қоймай, Конорды ұрғаны үшін қумақшысыздар, төбелесті бірінші боп Конор бастаған, ол менің ағамды ұрды [Абубакар]. Видеода бәрі көрініп тұр.

Біліп қойыңыздар, олармен қоса, мені де жоғалтасыздар! Мен бауырларымды орта жолда тастамаймын. Зубайраны жекпе-жектен шеттететін болсаңыздар, мен де арадағы келісім-шартты бұзамын!

Тағы айтарым - маған берілетін сыйақыны өздеріңізге қалдырыңыздар! Бірақ, абайлаңыздар, тамақтарыңызға тұрып қалмасын! - дейді Нурмагомедов өзінің инстаграм парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Артём Лобовтың менеджері Зубайра Тухуговтың жекпе-жегі болмайтынын хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или