Емельяненко: Кокорин және Мамаевпен қуана спарринг өткіземін

Емельяненко: Кокорин және Мамаевпен қуана спарринг өткіземін

Ресейлік аралас жекпе-жек спортшысы Александр Емельяненко футболшылар Александр Кокорин мен Павел Мамаев шығарған төбелеске қатысты ойын айтты.

«Егер олардың жұдырықтасқысы келіп жүрсе, спортзалға кіргізу керек – боксшыларға, аралас жекпе-жек спортшыларына қарсы тұрсын. Соларға өз машықтарын көрсетсін. Біздің залға келсін. Олармен қуана спарринг өткіземін», - деді Александр.

Айта кетейік, 8 қазанда Кокорин мен Мамаев өз достарымен бірге көлік жүргізуші мен мәскеулік шенеунікті ұрып кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или