Хабибтің менеджері: Екі патшаның болуы мүмкін емес
Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Али Абдельазиз (суретте оң жағынан екінші) дағыстандық файтердің титулды жекпе-жекте Конор Макгрегорды ұтқаны жайында өз ойын айтты.
«Өз бауырым Хабибті жеңісімен құттықтаймын. Бұл – патшаның сөзсіз жеңісі. Екі патшаның болуы мүмкін емес. Әрине, жеңісті бұлай тойлағымыз келмеген. Бірақ Макгрегордың командасы секілді дініңіз, еліңіз және отбасыңыз жайында солай айтатын болса, осындай жағдайлар болады. Фанаттар тамаша шоу мен керемет жекпе-жекті көрді деп ойлаймын», - деді Абдельазиз.
Сондай-ақ, Хабибтің менеджері Невада штатының губернаторы мен спорттық комиссиясынан жекпе-жектен кейінгі төбелес үшін кешірім сұрады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или