BOXING/MMA/UFC
ММА

Конор — Хабиб: Сіз естімеген фактілер

Конор — Хабиб: Сіз естімеген фактілер
news-banner7
mobile-news-top

6 қазаннан 7-сіне қараған күні Лас-Вегаста ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек өтеді.

Әлем тағатсыздана күткен шайқас алдында екі файтердің қызықты фактілерін назарларыңызға ұсынамыз.

· Лақап аты

Конор - The Notorious (яғни, Жанжалымен танымал).

Хабиб - The Eagle ( яғни, Бүркіт).

· Туғпн жері

Конор Энтони Макгрегор Дублиннің оң жағалауындағы Крамлин қалашығында туып өскен. 2006 жылы ата-анасымен бірге сол жерге жақын қалашық - Луканға көшкен.

Хабиб (Абдурахман) Нурмагоме́дов Цумадин ауданының Сильди ауылында дүниеге келген (Дағыстан, Ресей).

· Жасы

Макгрегор 30 (14.07.1988)

Нурмагомедов 30 (20.09.1988)

· Антропометрия

Конор Бойы — 175 см, қолының ауқымы — 188 см

Хабиб Бойы — 178 см, қолының ауқымы — 178 см

· Салмағы

Конор 70 кг

Хабиб 70 кг

· Бастапқыда немен айналысты

Макгрегор 16 жасына дейін футбол ойнаған, кейін аралас жекпе-жекке келген.

Нурмагомедов Самбо, борьба, ушу-саньда, дзюдо

· Білімі

Макгрегор Жоғары. Орта мектепті бітірген ол су құбырын жүргізуші мамандығында білім алған.

Нурмагомедов Орташа. Махачкалыдағы финанстық-экономикалық колледжді бітірген. Қазіргі таңда спортшы Плеханов атындағы академияның 3-ші курсында оқиды. Сонымен қатар, Хабиб - Дағыстан Республикасының құрметті депутаты.

· Жанұясы

Конор Ирландиялық спортшы мектептегі құрбысы Ди Девлинге үйленгеніне 10 жылдан аса уақыт өтті. Қос жұптың бір ұлы бар. Жақын арада тағы сәбилі болмақ. Спортшының әкесі Тони МакГрегор ұлының спортқа келуіне қарсы болған, алайда, анасы әрқашан Конорды қолдаған.

Хабиб Хабибтің үйленгеніне 10 жылдай уақыт болды. Екі ұлы бар. Мансабының басты себепкері - әкесі Абдулманап Нурмагомедов.

· Сүйікті тағамы

Конор Тауық еті, стейк, көкөністер. Сонымен қатар, спортшы тәтті қамырдан әзірленетін кондитерлік тағамдарды ұнатады.

Хабиб Аварлық хинкал

· Стилі

Макгрегор Ирланд — сәнқой, денди. Стиль королі деп атаса болады. Dolce & Gabbana мен Louis Vuitton - ең сүйікті бренді. Қымбат машиналар мен сағаттарды ұнатады. Конордың стиліне арналған арнайы интернет басылым да бар.

Нурмагомедов Хабиб - қарапайым спортшы жігіт. Іскерлік костюмдерде оны өте сирек көреміз. Көбіне джинсы мен поло кигенді ұнатады.

· Машинасы

Конор BMW i8, Cadillac Escalade, Lamborghini Aventador, Rolls-Royce Dawn, Rolls-Royce Drophead

Хабиб Mercedes-AMG GT S

· Атақты достары

Конор МакГрегордің Путинмен достастығы футболдан әлем чемпионаты кезінде бастау алғанын көруге болады.

Хабиб Әлемнің ең атақты футболшысы — Криштиану Роналдумен дос. Нурмагомедов кезекті бір жекпе-жегіне Роналдудың секундант болатынын айтқан болатын.

· Жаттықтырушысы

Макгрегор Джон Кавана.

Нурмагомедов Абдулманап Нурмагомедов.

· Октогонға шығарда қойылатын әуені

Конор Ирландская баллада The Foggy Dew.

Хабиб «Мой Дагестан».

· Аралас жекпе-жектегі статистикасы

Конор

Жекпе-жек – 24

жеңіс – 21 (нокаутпен – 18; спортшы еркімен – 1; шешіммен - 2)

жеңіліс – 3 (өз еркімен - 3)

Хабиб

Жекпе-жек– 26

жеңіс – 26 (нокаутпен – 8, спортшы еркімен – 8, шешіммен - 10)

· Коронный прием

Конор Апперкот «мачете», Run-house-kick, айналып келіп тебу

Хабиб Аяқтың арасына өтіп алу, түрлі қималау әдңстері, партерде қарсыласының қолын бұғаттау.

· Ең тез жеңісі

Макгрегор Конор Жозе Алдуды жекпе - жектің 13-ші секундында құлатып түсірді

Нурмагомедов 1 минут 55 секунд— Хабиб бразилиялық Тиаго Тавареске жұмсаған уақыты.

· Сауығы

Макгрегор Конор — әдемі қыздармен көңілді кештер өткізгенді, жекпе-жек арасында виски ішкенді құп көреді.

Хабиб Әлем шарлағанды, достарымен қыдырғанды ұнатады. Концерт, барлар немесе тағы да сауық-кештер оны қызықтырған емес.

· Скандалы

Конор Ирланд — жанжал шығарумен аты шыққан, trash talk шебері. Өткен жылдың қараша айында Макгрегор Bellator промоушінінде төреші Марк Годдардқа қарсы шабуыл жасады. Соынмен қатар, Макгрегор мен Артем Лобов бастаған топ 20 адам отырған автобусқа шабуыл жасаған еді. Нәтижесінде, Артем Лобов турнирден шеттетіліп, Конордың өзі Нью-Йорк полициясының қолына түскен болатын.

Хабиб Нью-Йорктегі қонақүйлердің бірінде Нурмагомедов ашулы, бір сәтте тіпті Лобовтың желкесінен ұстап шапалақпен тартып қалған болатын.

· Деньги

Конор Ирландиялық спортшы 2017 жылы 99 миллион доллар табыспен әлемнің ең бай спортшылары арасында Роналду, Месси және Флойд Мэйвезерді алға жіберіп, төртінші орынды иемденген болатын.

Хабиб Соңғы шайқасына дағыстандық спортшы 530 мың доллар табыс түсірген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер