Хабиб немесе Конорды кім ауыстыратыны анықталды

Хабиб немесе Конорды кім ауыстыратыны анықталды

UFC 229 турнирінде Хабиб Нурмагомедов немесе Конор Макгрегор жарақат алып қалса, оларды кім ауыстыратыны белгілі болды.

Турнирдің басты жекпе-жегіне қатысушылардың бірі жарақат алса немесе басқа себептермен октагонға шыға алмаса, орнына америкалық Тони Фергюсон кездесуге дайын. Бұл туралы UFC басшысы Дана Уайт айтты.

Нурмагомедов пен Макгрегор арасындағы жекпе-жек 7 қазанда Лас-Вегаста өтеді. Фергюсон сол кеште Энтони Петтиспен кім мықтыны анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или