Макгрегор Нурмагомедовпен жекпе-жектен 100 млн доллар табуы мүмкін

Макгрегор Нурмагомедовпен жекпе-жектен 100 млн доллар табуы мүмкін

Аралас жекпе-жектің (MMA) ирландиялық шебері Конор Макгрегор жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен өтетін жекпе-жектен 100 млн доллар табуы мүмкін. Бұл туралы бейсенбі күні TMZ порталына берген сұхбатында UFC Дэйна Уайт мәлім етті.

Макгрегор Флойд Мэйуезермен кездесудің алдында да 100 млн доллар пайда табуды жоспарлап жатқанын айтқан болатын. Уайт ирландиялық спортшының осы жолы ойдағыдай пайдаға кенелуі мүмкіндігін айтқан.

«Әрине, алуы мүмкін. Макгрегордың PPV (ақылы көрсетілім) көрсеткіштеріне қараңыздаршы, ең жоғары көрсеткіштердің бірі - сонікі», - дейді Уайт.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы 27 тамызда Лас-Вегаста Мэйуезерге қарсы бокс ережелері бойынша өткен кездесуде ирландиялық спортшы 10-раундта техникалық нокаутпен жеңіліп, 85 млн доллар еншілеген болатын.

Ал Мэйуезер 275 млн долларға байыған. Showtime-ның ақпаратына қарағанда, жекпе-жек pay-per-view жүйесі арқылы 4,3 млн рет қаралған, бұл тарихтағы екінші көрсеткіш. UFC президентінің жорамалынша, Макгрегор - Нурмагомедов кездесуін ақылы көрсетілім жүйесінде тамашалайтын жанкүйерлер саны 2,6-3 млн аралығында болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или