Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өтіп жатқан қыздар клубтық командалары арасында гандболдан Азия чемпионатын «Астана» командасы жеңіспен бастады, деп жазады prosports.kz.
Бұл чемпионат барысындағы екінші ойын болатын. Бұл кездесуде <span>«Астана» өзбекстандық </span><span>AGMK командасын </span><span>48:31 есебімен жеңді.</span>
Естеріңізге сала кетейік, чемпионат <span>қазанның 3-і мен 9- ы аралығында өтеді. </span>Жарысқа Қазақстан, Иран, Индия және Өзбекстан елдерінен келген 6 команда қатысып жатыр.