Әбден қалжыраған балуандардың жекпе-жегі жұртты күлкіге қарқ қылды

Әбден қалжыраған балуандардың жекпе-жегі жұртты күлкіге қарқ қылды

Ауыр салмақта төбелесетін ММА балуандары үш минуттан тұратын үш раунд бойы жұдырықтасуы керек еді, бірақ екеуінің әлі құрып, шаршап қалған. Бұл - ММА тарихында ең қызық әрі күлкілі жекпе-жектердің бірі болды, деп жазады Sputnik International

Бұрынғы рестлер Боб Сапп пен бұрынғы сумоист Осунаараси Кинтароның кездесуі цирк қойылымына айналды. 

Салмағы 150 келі балуандар бастапқыда белсенді жұдырықтасып еді, уақыт өте күші сарқылып, титықтап қалды. Осындай жағдайда арнайы енгізілген әрқайсысы 3 минуттан тұратын үш раунд ережесі де көмектеспеді. Балуандардың шамасы екі раундқа ғана жетіп, үшіншісінде төбелесуді мүлдем қойып, көзбен ғана атысқан. 

Соққылар арасындағы үзіліс он секундқа дейін созылып кетті, тіпті бір минутқа дейін жеткен кезі болды. Сапп пен Кинтаро бір-бірінен көз алмай, рингте әрең дегенде аяқ алып жүрді. Ақыры соңында төрешілердің шешімімен америкалық Боб Сапп жеңіске жеткен.

<br /><br /><span>Read more: </span>https://sputniknews.kz/sport/20181001/7429176/sharshagan-baluandar-mma-zhekpe-zhek-video.html

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или