«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері ауысты

«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері ауысты

«Сарыарқа» хоккей клубында өзара келісе отырып бас бапкер Кари Хейккиля мен аға бапкер Томми Неккуламен келісімшарттар бұзылды.

Финн маманы Кари Хейккиля бұған дейін «Локомотив» (Ярославль), «Металлург» (Магнитогорск) және Беларусьтің ұлттық құрамасына жетекшілік еткен. Ал қарағандылық клубтың басшылығына биылғы мамыр айының басында келген болатын.

Белгілі болғандай, команданың бас бапкері міндетін атқарушы болып «Теміртау» хоккей клубынан Дмитрий Максимов бекітілді.

Айта кетейік, «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясындағы тоғыз матчта алты рет жеңіліс тапқан болатын.<span><br /></span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или