«Конор ма, Хабиб па?». Қазақ ММА-нің марғасқалары болжам жасады

«Конор ма, Хабиб па?». Қазақ ММА-нің марғасқалары болжам жасады

Қазанның 6-да, UFC 229 аясында Конор МакГрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізеді. 

«Ғасыр жекпе-жегі» жайында біздің файтерлердің пікірі қандай екен?
Осы сұрақ Prosports.kz тілшісін толғандырған.
Қаршыға «Бүркіт» Дауытбек:
«Өзім спортшы болғандықтан, бұл жекпе-жекте екеуінің мүмкіндігі шамалас деп ойлаймын. Пайызбен есептесек, 60%-да Хабиб жеңіске жетуі мүмкін. Конорды да «сызып» тастауға болмайды. Жойқын соққысы бар. Бастапқы екі раундта Хабибті нокаутқа түсіруі бек мүмкін. Хабибтің күресі мықты. Сол себепті жекпе-жек барлық бес раундқа созылады деп ойламаймын. Жеңімпаз үш-төрт раундта айқындалып көзге түседі. 
Асу «Зульфикар» Алмабаев:
«Бүкіл әлемдік ауқымда өтетін жарыс қой бұл. Кім жеңетіні бәріне қызық Конор ма, Хабиб па? Енді спортшы ретінде менің пікірім қызық болса айтайын. Алғашқы үш минутта МакГрегор қарсыласын талдырмаса кейінгі раундтарға функционалы жетпейді. Бірақ ирландиялықтың таймингі мен жылдамдығы жоғары. Өзі де соған сеніп отырған шығар. Күрес жағынан кім мықты екенін өздеріңіз де білесіздер. Ең басты мәселе мынада: алдағы жекпе-жекке кім жақсы дайын - сол жеңіске жетеді»
Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов: 
«Конор мен Хабиб жайлы айтатын болсақ... Конор көбінесе «стойкада» істейді. Жеке пікірім: Конор таза ұтады. Кездесу бірінші раундтың аяғында немесе екінші раундта бітеді. Өйткені Хабиб бірден күреспейді, оған алға жүруге тура келеді. Сол кезде «ұсталып» қалуы мүмкін»
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или