Қайрат Ахметов: Жақын деп санаған адамдарым менен теріс айналды

Қайрат Ахметов: Жақын деп санаған адамдарым менен теріс айналды

Джакарта төрінде өткен One FC турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық файтер Қайрат Ахметов өзін сынағандарға жауап беріп, ренішін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, жеңіл салмақта өнер көрсеткен «Қазақ» қытайлық Ма Хао Бинмен кездесті. Үш раундқа созылған кездесуде төрешілердің шешімімен қазақстандық жеңіске жетті.

- Қаңтар айындағы жеңілістен соң өзімді мына фотодағыдай сезінген болатынмын. Қисынсыз сынап, мені жерден алып, жерге салғандар көп болды. Жанкүйерлер қиын сәтте көп сынады. Ең ауыры, мен жақын деп санаған адамдар менен теріс айналды. Мені қолдамақ түгілі, олар мансабымды аяқтап тастады. Бұл жағдай соңғы жекпе-жегімнің алдынды қатты сезілді. Ал жеңістен соң дәл осы адамдар мені құттықтап жатыр. Бұл жеңісті ең алдымен отбасым мен маған соңына дейін үміт артқан жанкүйерлеріме арнаймын. Алда жеңістер мен ауыр күндер күтіп тұр! Қолдау көрсеткен әрбір адамға алғысымды айтамын. «Мамандарға» менің мансабым туралы бірнәрсе айтуын доғарсын дегім келеді. Жанымда бұл саланы сіздерден де жақсы білетін адамдар бар. Біреуді сынағанша, өздеріңізді дамытуға тырысыңыздар, достар!, - деп жазды «Қазақ» Instagram желісіндегі парақшасында.

Өткен кездесу спортшы үшін One FC келісімшартындағы соңғы жекпе-жек болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или