Боченски сұрмергендер тізімінде көш бастады
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Барыстың» шабуылшысы ҚХЛ-ның бомбардирлер тізімінде алға шықты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Елордалық «Барыстың» хоккейшісі Брэндон Боченски «Амурмен» өткен кездесуде қарсыластар қақпасына екі шайба соғып, осы маусымда соққан шайбалар санын 23-ке жеткізді. Осылайша, ол сұрмергендер тізімінде «Металлургтың» шабуылшысы Данис Зариповты артқа тастады</p>
<p style="text-align: justify;">
31 жастағы американдық хоккейші Құрлықтық хоккей лигасында төрт маусым бойы 20 шайбадан кем соқпай келеді. Естеріңізге сала кетсек, 2011/2012 жылғы маусымда Боченски 27 гол соғып, лиганың басты сұрмергені атанған болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или