Хабиб: Мен МакГрегордың көзін құртамын
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегорға қарсы жекпе-жек туралы айтып берді.
- Айқасқа екі апта қалды, өзімді керемет сезінемін. Салмағым қалыпты, жағдайым жақсы. Мен оны титықтатып, құр сүлдерін қалдырамын. Менің жоспарым осындай. Ол 25 минут бойы төбелесе алмайды. Ол мені нокаутқа түсіремін деп ойлайтын сияқты, бірақ мен оның көзін құртамын.Жаратушының көзі түзу екенін білемін қалғаны маңызды емес, - деді Хабиб Нурмагомедов TMZ-ға берген сұхбатында
Еске сала кетейік, 6-қазан күні UFC 229 турнирінде Хабиб пен Конор МакГрегор арасында айтулы жекпе-жек өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или