Екі чемпион: Жалғас Жұмағұлов пен Бахтияр Эюбов Ақтөбеде кездесті
Fight Nights Global ұйымының чемпионы Жалғас Жұмағұлов пен IBF нұсқасы бойынша аймақтық әлем чемпионы Бахтияр Эюбов Ақтөбеде кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
ММА шебері Жұмағұлов аталған чемпиондық атаққа (56 келіде) тамыз айының соңында Астанада өткен жекпе-жекте төрешілер шешімімен Тагир Уланбековты жеңіп қол жеткізді.
Ал 32 жастағы боксшы Эюбов (14-0) маусым айында Мичиган штатындағы Детройтте өткен жекпе-жекте қазіргі белдігіне қол жеткізді. Ол кезде техникалық нокаутпен Николас Гивэнді жеңген болатын.
Сөз соңында екі спортшының да Ақтөбе қаласының тумасы екенін айта кетейік.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или