Конор МакГрегор қарсыласын тышқанға теңеді

Конор МакГрегор қарсыласын тышқанға теңеді

Ережесіз жекпе-жектің айтулы спортшылары Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов алғаш рет бетбе-бет жүздесті, деп хабарлайды Prosports.kz ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

<span> UFC ұйымы аясындағы екі мықтының жекпе-жегі 6 қазанда Лас-Вегас қаласында өтетіні белгілі. Әлем чемпионы атағын сарапқа салатын жұдырықты жігіттер Нью-Йорктағы баспасөз мәслихатында көз арбасып, сөз таластырып, дайындық барысын тілге тиек етті. </span>

<span>Конор қарсыласын тышқанға теңеп, тордың ішінде әбден сабайтынын айтты. Әншейінде басынан сөз асырмайтын Хабиб бұл жолы салқынқандылық танытып, кім күштіні 6 қазанда көрсететінін айтты.  </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или