«Барыс» - «Авангард» кездесуінің тікелей трансляциясы

«Барыс» - «Авангард» кездесуінің тікелей трансляциясы

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында астаналық «Барыс» <span>Омск қаласының</span> «Авангард» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Бүгін «Барыс» – «Авангард» кездесуімен елордалықтардың өз айдынындағы ойындар сериясы аяқталады. Қыркүйектің 12-сі мен 18-і аралығында Андрей Скабелка шәкірттері Астанада төрт матч өткізеді. «Барыс» алғашқы үш матчтың екеуінде жеңіске жетті. </span>

<span>Бір қызығы, бүгін қазақстандық құраманың жаңа жаттықтырушысы, Беларусь маманы Андрей Скабелка өзінің бұрынғы клубы - «Авангард» клубымен кездеседі. Ол бұл клубтың тізгінін өткен жылдың желтоқсанына дейін ұстаған болатын.</span>

<span>Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады. QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или