Есірткі сатқан UFC файтері 2044 жылға дейін спорттан шеттетілді

Есірткі сатқан UFC файтері 2044 жылға дейін спорттан шеттетілді

Аралас жекпе-жек шебері, Ultimate Fighting Championship (UFC) құрамында өнер көрсететін танымал итальяндық Мара Борелла допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 26 жылға спорттан шеттетілді.

Бұл туралы Propsorts.kz тілшісі Mmamania порталына сілтеме жасай отырып мәлімдейді.

32 жастағы спортшы тыйым салынған заттарды сатты деп айыпталды.

2012 жылы Борелла марихуана және кокаин таратумен айналысқан. Тергеу барысында ол өзі айналысқан ММА залында есірткі сатқаны анықталды.

Италяндық спортшы соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың қаңтарында өткізді. Бұл жекпе-жекте ол американдық Кэтлин Чукагяннан жеңіліп қалған болатын.

Кәсіби мансабында Борелла 12 рет жеңіске жетіп, бес рет жеңіліске ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или