«Барыс» өз айдынындағы ойындар сериясын «Нефтехимикпен» бастайды

«Барыс» өз айдынындағы ойындар сериясын «Нефтехимикпен» бастайды

Ертең «Барыс» – «Нефтехимик» кездесуімен елордалықтардың өз айдынындағы ойындар сериясы басталады. Қыркүйектің 12-сі мен 18-і аралығында Андрей Скабелка шәкірттері Астанада төрт матч өткізеді, деп жазады «Астана» Президенттік клубының баспасөз қызметі.

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының аясында биылдыққа үш ойын өткізіп үлгерді. Жерлестеріміздің еншісінде әзірге үш ұпай. Енді өз айдынында қатарынан тағы төрт кездесу өткізеді.

12 қыркүйек. Барыс – Нефтехимик

14 қыркүйек. Барыс – Торпедо

16 қыркүйек. Барыс – Ак Барс

18 қыркүйек. Барыс – Авангард

Матчтардың бәрі елордамыздың «Барыс-Арена» мұз сарайында өтеді. Тағы бір айта кетерлігі, биыл «Барыс» алғашқы төрт ойында автомобиль ұтысқа қойып отыр.

Ал ойын тұрғысынан келер болсақ, Брэндон Боченски осы төрт ойында бір ұпай жинаса, Құрлықтық хоккей лигасындағы ұпайлар санын 400-ге жеткізеді. Дәл қазір оның еншісінде 399 (161+238) ұпай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или