«Қайрат» Еуропа лигасының үшінші кезеңіне өтті

«Қайрат» Еуропа лигасының үшінші кезеңіне өтті
news-banner7
mobile-news-top

2 тамыздан 3 тамызға қараған түні Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойынында Алматының «Қайраты» сырт алаңда Голландияның «АЗ Алкмаар» командасымен кездесті.

Алматылықтар Нидерланды командасынан 1:2 есебімен жеңілді. Дегенмен қос ойынның нәтижесімен «Қайрат» жарысты жалғастыратын болды.

Ойынның 28-ші минутында Бауыржан Исламхан есепті 11 метрліктен ашты. Алаң иелерінен Тил Гуус 41-ші минутта бұрыштамадан есепті теңестіріп кетті.

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» Чехияның «Сигма» командасымен кездеседі. Алғашқы матч 9 тамызда Оломоуцте, ал 16 тамызда Алматыда өтеді.

АЗ (Алкмаар, Нидерланды) — «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 2:1 (1:1)

Голдар: Исламхан пенальти 28 (0:1), Тил 41 (1:1), Коомпейнерс пенальти 90+4 (2:1)

Ескерту: Бизот 27, Оуведжан 56, Мидтше 75 — Плотников 62, Исаэль 65, Вороговский 90+1

«АЗ»: Марко Бизот (Қ) - Рон Влаар, Юнас Свенссон, Томас Оуведжан, Пантелис Хацидиакос - Теун Коопмейнерс, Фредрик Мидтше, Гуус Тил (К) - Уссама Идрисси, Фред Фрайдей, Дорин Ротариу​.

«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ) - Ян Вороговский, Шелдон Бато, Сергей Политевич, Гафуржан Суюмбаев - Исламбек Қуат, Хуан Фелипе, Бауыржан Исламхан (К) - Исаэль Барбоза, Андрей Аршавин, Адеринсола Эсеола.

Бас төреші: Димитар Мечкароски (Македония)

2 тамыз. Алкмаар. «АЗ-Стадион».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер