Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектен уақытша шеттетілді

Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектен уақытша шеттетілді

Квебектің бокс комиссиясы қазақстандық боксшылар Али Балоев (6-0, 5 КО), Искандер Харсан (4-0, 4 КО) және Асхат Жантұрсыновты (1-0, 1 КО) жекпе-жекке шығудан уақытша шеттетті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Оның себебі – спортшылар осы демалыста жекпе-жек өткізген соң, қайтадан қалыптарына келулері керек. BoxRec.com сайтының мәліметінше, Балоев пен Жантұрсынов рингке 5 тамыздан кейін, ал Харсан 7 тамыздан кейін оралады.

Естеріңізде болса, осы жексенбіде Али Балоев  36 жастағы америкалық Ричард Уркизоны (3-4-2) жеңіп, бірінші ауыр салмақта Солтүстік Америка чемпионы (WBC NABF) титулын жеңіп алған болатын.

Асхат Жантұрсынов тағы бір америкалық боксшы Майкл Коронадоны (1-1-1, 0 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Бұл Асхаттың кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі болатын.

Ал Искандер Харсан қарсыласы мексикалық Мануэль Рубалькабаны (4-28, 0 КО) нокаутпен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или