Бокс

Қазақстандық боксшы АҚШ-та чемпиондық атаққа қол жеткізді

Қазақстандық боксшы АҚШ-та чемпиондық атаққа қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Әли Балоев (5-0, 4 КО) 36 жастағы америкалық Ричард Уркизомен (3-4-2) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Техас штатының Остин қаласындағы Austin Sports Center аренасында өткен жекпе-жек Әли Балоев үшін кәсіпқой бокстағы алтыншы кездесуі болатын. 25 жастағы боксшы осыған дейін өткен 5 жекпе-жегінде де жеңіске жеткен.

Қос боксшы бірінші ауыр салмақта Солтүстік Америка чемпионы (WBC NABF) титулын сарапқа салған. Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын жеңіп, аталған титулға қол жеткізді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер