«Барыс» ХК. Төрт ойында – үж жеңіс

«Барыс» ХК. Төрт ойында – үж жеңіс
<p style="text-align: justify;"> <strong>&laquo;Барыс&raquo; хоккей клубы сырт алаңда өткізген төрт ойында үш рет қатарынан жеңіске жетіп, 8 ұпайды олжалап қайтты.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Барыстың&raquo; хоккейшілері &laquo;Металлург&raquo; пен &laquo;Трактор&raquo; сынды азулы командаларды, сондай-ақ &laquo;Нефтехимик&raquo; командасынан басым түсіп, соңғы ойында &laquo;Салават Юлаевқа&raquo; жол берді. Дегенмен, Астана қаласының хоккей клубы сырт алаңда өткізген төрт матчтан 8 ұпай олжалады. Соның арқасында олар жалпы ұпай санын 70-ке жеткізіп, Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал лиганың Шығыс конференциясында &laquo;Барыс&raquo; көш бастап келеді. Айта кетсек, бұған дейін өз алаңда өткізген төрт ойында &laquo;Барыс&raquo; үш рет ұтылған. Братиславаның &laquo;Слован&raquo; командасымен өткізген матчта ғана 6:1 есебімен жеңіске жетіп, толық үш ұпайға қол жеткізген.</p> <p style="text-align: justify;"> Келесі ойынды &laquo;Барыс&raquo; өз алаңда өткізеді. Астанада ол &laquo;Металлург&raquo; командасын қабылдайды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или