Виктория Зябкина: Қазақстан чемпионатында айтарлықтай тың өзгеріс болған жоқ
Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Біріншілікте 200 метрге жүгіруден Қазақстан чемпионы атанған Виктория Зябкина Азия ойындарына дайындықтың қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді, деп жазады Prosports.kz сайты.
- Қазақстан чемпионатында айтарлықтай тың өзгеріс болған жоқ. Тек 400 метрлік эстафетаны жаңа құраммен жүгіріп, жоғары нәтиже көрсеттік. Жазғы Азия ойындарына дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр. 9 тамыз күні Малайзиядағы оқу-жаттығу жиындарына барамыз. Джакаратаға сол жақтан ұшып кетеміз. Жүлде туралы айтар болсам, медальға әркімнің де таласы бар. Сондықтан, бәрі де мүмкін. Ал басты қарсыластар деп Жапония, Үндістан, Қытай, Бахрейн спортшыларын айтар едім, - дейді Виктория Зябкина ҰОК баспасөз қызметіне берген сұқбатында.