Бүгін «Барыс» хоккей клубы «Салават Юлаевпен» кездеседі
<p style="text-align: justify;">
<strong>Бүгін «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Салават Юлаев» командасымен күш сынасады.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Құрлықтық хоккей лигасы аясында бұл екі команда 17 рет кездескен. Соның 10 матчында «Салават Юлаевтың» жолы болса, 7 кездесуде «Барыстың» хоккейшілері жеңген. Өткен жылғы чемпионаттың статистикасына сүйенсек, командалар бір-бірін кезекпе-кезек жеңіп отырған. Ал биылғы чемпионаттың алғашқы матчында «Барыс» хоккей клубы өз қарсыласын 3:2 есебімен ұтқан. Соңғы бес ойында Астаналықтар бір-ақ рет жеңілген. Уфа хоккей клубының да көрсеткіші сондай. Жалпы турнир кестесінде де екі команданың арасы алыс емес. «Барыс» 70 ұпаймен үшінші орында тұрса, «Салават Юлаев» 62 ұпаймен алтыншы сатыда келеді.</p>
<p style="text-align: justify;">
Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 17:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или