Нурмагомедов - МакГрегор жекпе-жегі қашан өтеді

Нурмагомедов - МакГрегор жекпе-жегі қашан өтеді

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегордың арасында кездесу қашан өтетіні анықталды.

Мұның алдында Нурмагомедов келесі кездесулерінің бірі 6 қазанда өтетінін мәлімдеген болатын. Енді жекпе-жек 30 желтоқсанда өтуі мүмкін.

Мамыр айының соңында UFC президенті Дана Уайт та Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы кездесудің 2018 жылдың соңына дейін өтетінін айтқан. 

<span>Нурмагомедов кәсіпқой карьерасында 26 рет жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңілмеген. </span><span>2016 жылдың қарашасынан бері октагонға шықпаған МакГрегор болса жартылай және жеңіл салмақтағы UFC экс-чемпионы. Ол 21 рет жеңіске жетіп, үш мәрте жеңілген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или