Қазақстандық спортшы турнирдегі жеңісін Денис Тенге арнады
Қазақстандық спортшы Сергей Морозов Ингушетияда өткен "Таудағы айқас-7" M-1 Challenge 95 турниріндегі жеңісін Денис Тенге арнады.
Бірінші раундта Украинадан келген Зака Фатуллазадені техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін, Сергей Морозов микрофонды қолына алды. Бірақ турнир регламентінде бұл қарастырылмаған.
- Бұл жеңісімді қаза тапқан Денис Тен мен барша Қазақстанға арнаймын, — деді ол.
Спортшы Ингушетияның көрермендеріне қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы<span> </span>Денис Тен<span> </span>19 шілдеде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Спортшы тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған.