Музыкалық арналар Денис Теннің құрметіне қара-ақ түспен эфирге шықты

Музыкалық арналар Денис Теннің құрметіне қара-ақ түспен эфирге шықты

Қазақстандағы музыкалық арналар мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты қара-ақ түсті режиммер эфирге шықты.

Дәлірек айтқанда, Gakku және Той Думан телеарналары бүгін-ертең қара-ақ  түсте ғана хабар таратады. Сонымен қатар, Gakku FM, Love Radio және Дача FM радиостанциялары да барлық ойын-сауық бағдарламаларын уақытша тоқтатты.

Айта кетейік, 19 шілдеде Қазақстанның талантты спортшысы, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен ұрылардың қолынан қаза тапқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или