Екатерина Эктова: Қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес

Екатерина Эктова: Қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес

29-30 маусым күндері Алматыда өткен Ғұсман Қосанов Мемориалында ұзындыққа секіруден әйелдер арасында Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Екатерина Эктова жеңіске жетті. Ол бір жыл бойы жарақатына байланысты ешқандай жарыстарға қатыса алмаған. Эктова – 6.15 метрге секіріп, еліміздің спортшылары арасында осы маусымдағы әзірге ең үздік нәтижені тіркеді. Чемпион қыз жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сұқбат берген.

– Екатерина, бүгін жарыстан алған әсеріңізбен бөліссеңіз?

– Қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өйткені ұзақ уақыт үзілістен кейін осылай сенімді түрде жеңіске жеткенім ерекше әсер сыйлады. Психологиялық тұрғыдан өзіме деген сенімім артты. Былтырғы жылы жолым болған жоқ. Жарақат алдым. Енді, міне, өзімнің сүйікті ісіммен айналыса алатыныма және ол қолымнан келетінін түсінген кезде бақыттан басын айналады екен.

– Қосанов Мемориалы жайлы не айтасыз?

– Супер! Жарақатыма байланысты былтыр қатыса алмай өкініп едім.Бұл жолы жай ғана қатысып қоймай, чемпион атандым. Тұғырдың ең биік сатысына көтерілдім. Осы жылы ұйымдастыру жағы да жоғары деңгейде болды. Жалпы, Қосанов Мемориалы жеңіл атлеттер үшін мереке. Оның үстіне, биыл Қазақстан жеңіл атлетикасының 100 жылдығымен қатар келіп отыр. Барлығын осы мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын! Отандық жеңіл атлетиканың дамуына үлес қосып жүрген спортшылар, бапкерлер, функционерлердің еңбегін жоғары бағалаймын.

– Көрсеткен өнеріңізге көңіліңіз толды ма?

–Нәтиже супер болмаса да, алғашқы жарыс үшін жақсы көрсеткіш. Қолымнан келгенше жақсы нәтиже көрсетуге тырыстым. Арасында заступ та болды. Соған қарамастан 6.15 метрге секіре алдым.

– Сіз негізінен үш қарғып секіруден қатысасыз ғой?

– Иә, мен негізінен үш қарғып секіруге бейімделгенмін. Рио Олимпиадасына да осы сайыс түрінен қатысқанмын. Бірақ қазір үш қарғып секірумен дайындығым аз болып жүр. Сондықтан әзірге ұзындыққа секіруден өз бағымды сынап көрдім.

– Енді қандай жоспарыңыз бар?

– Жарыстарға тұрақты қатысып, барынша алысқа секіру. Көктемдегі дайындығым аздау болып қалды. Енді жеке бапкеріммен бірге жазғы маусымға барынша белсенді дайындалып жатырмыз.Қосанов Мемориалында алғашқы қадамымды бастадым. Әзірге үш қарғып секіруге қатыспаймын. Өйткені оған көп дайындық керек.

– Ұзындыққа секіру қалай екен?

– Жеңіл атлетиканың осы түрі өзіме ұнайды. Бірақ маған ұзындыққа секіру қиындау соғады. Ал үш қарғып секіру оған қарағанда жеңіл. Себебі екіншісінде бар күшінді қателіктерінді түзеуге болады. Ал ұзындыққа секіргенде қарқынынды үдеткен кезде-ақ секіру аймағына жетіп келесің.

Бұған дейін ұзындыққа секіруден әлем чемпионатына қатысқанмын. Сол себепті таңсық емес. Бірақ техникалық тұрғысынан әлі де жетіле түсуім керек.Сонымен қатар физикалық дайындықты да ұмытпау қажет.Мен өз қателіктерімді білемін. Уақытымен соларды түзеймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или