«Сарыарқа» хоккей клубы «Спутникті» айқын басымдықпен жеңді
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Спутник» (Ресей, Нижний Тагил) командасын айқын басымдықпен жеңді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Бұл ойында алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Алайда үш минуттың ішінде «Сарыарқа» есепті теңестіріп, бірінші кезеңнің аяғына дейін өз басымдығын ұлғайтты. Есеп - 1:2. Екінші кезеңде қарсыластар қақпасынан тағы екі шайба табылды. Ал үшінші кезеңде Қарағанды қаласының хоккей клубы төрт бірдей шайбаны соғып, есеп айырмасын 1:8-ге жеткізді. Соңғы секундтарда «Спутник» тек бір ғана шайбаны қайтара білді. Қорытынды есеп - 2:8.</p>
<p style="text-align: justify;">
Айта кетейік, кешегі ойыннан кейін «Сарыарқа» хоккей клубы тағы үш ұпайға қол жеткізіп, Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде 7-ші орынға көтерілді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или