Головкин IBF белдігі үшін жекпе-жек өткізбейді
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) көктемде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен (38-0-1, 34 КО) орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белдігін қайтарып алған еді, деп жазады prosports.kz сайты.
Бұған себеп, GGG өзінің міндетті қарсыласы Сергей Деревянченкомен кездесуге келіспеген болатын. Осыдан кейін аталған ұйым рейтингісінде бірінші және үшінші орында тұрған украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) мен бұрынғы әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO) осы атақ үшін жұдырықтасатын болған.
Осы жекпе-жек ресми бекітілгеннен кейін кейбір бокс мамандары Головкин Деревянченко-Джейкобс кездесуінің жеңімпазымен кездесіп, өзі айрылған IBF белдігін қайтарып алуы мүмкін деп болжаған еді. Әрі бұл жекпе-жек қыркүйекте өтетін Сауль Альвареспен кездесуінен кейін орын алуы мүмкін екенін айтқан.
Алайда, тағы бір топтағы мамандар бұл болжамды жоққа шығарып отыр. Boxingnews24.com сайтының сарапшысы Дэн Эмброуз Головкин еді IBF белдігіне назар аудармайды деп есептейді.
Оның ойынша, Головкин үшін бұл белдіктің еш маңызы жоқ екен. Егер ол бұл титулды маңызды санаса украиналықпен ерте көктемде-ақ кездестін еді. Ол кезде «Канело» допингпен ұсталып, 5 мамырда өтуі тиіс жекпе-жектен бас тартқан болатын. Сол кезде GGG өзіне лайық қарсылас іздеп әлемді шарласа да, Деревянченкомен жұдырықтасуға асықпаған.
Ал енді әбден болары болып, бояуы сіңгеннен кейін, қайта айналып IBF белдігі үшін жекпе-жек өткізу Геннадийге еш абырой әкелмейді деп отыр. Оның үстіне бұл атақ оның мансабы үшін де маңызды емес. Қаржылық жағынан да берері шамалы. Сол үшін Головкин күндердің күні Деревянченко-Джейкобс кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасады деген бос сөз дейді бокс маманы Эмброуз.