Ресми: Джейкобс пен Деревянченко IBF белдігі үшін жұдырықтасады

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) дәл қазіргі сәтте бос тұрған орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белдігі үшін өтетін жекпе-жек ресми мақұлданды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Маусым айының басында IBF басшылары ұйым рейтингісінде бірінші және үшінші орында тұрған украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) мен бұрынғы әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниэл Джейкобстан (34-2, 29 KO) осы атақ үшін жұдырықтасуды талап еткен болатын. Әрі қос тарптан 11 шілдеге дейін келісімге келуді сұраған.

Араға бір ай салып, дәл сол IBF талап еткен күні Деревянченконың промоутері Лу Дибелле (DiBella Entertainment) мен америкалықтың промоутері Эдди Хирн (Matchroom Boxing) өзара келісімге келіп отыр.
Аталған жекпе-жек 27 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін болады.
Естеріңізде болса, IBF бұл титулды отандасымыз Геннадий Головкиннен (38-0-1, 34 КО) алып қойған еді. Себебі, GGG өзінің міндетті қарсыласы Сергей Деревянченкомен кездесуге келіспеген болатын.