«Сарыарқа» клубының директоры қызметінен кетті

«Сарыарқа» клубының директоры қызметінен кетті

Зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты Нығматулин Арғын Зайруллаұлы «Сарыарқа» хоккей клубы директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Арғын Зайруллаұлы әлі күнге дейін Қазақстан Республикасы шайбалы хоккейден жастар ұлттық құрамасының бас менеджері және Қазақстан хоккей федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады. Әрі ол Қарағанды филиалын басқарады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или