Али Балоев жекпе-жекті алғашқы раундта аяқтады

Али Балоев жекпе-жекті алғашқы раундта аяқтады

Астана қаласындағы «Барыс Арена» кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Андеркартта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Али Балоев  (4-0, 3 КО) мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек тез аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласы әзірбайжандық <span>Казим Умудовты (2-0, 1 КО) бірінші </span>минутта нокаутқа түсірді.

Бұған дейін қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір орыс боксшысын алғашқы минутта нокаутқа түсірсе, Еділ Қожамбердиев екінші раундта жеңіске жетті. Ал Миржан Рақымжанов кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Уәлихан Бисенқұлов әзірбайжандық қарсыласын ұтып, жеңіліссіз сериясын соза түсті. Кештің бесінші жекпе-жегінде Айдын Елжанов әзірбайжан боксшысын төрешілердің шешімі бойынша ұтса, Диас Тастеміров кездесуін уақытынан бұрын аяқтады. Сондай-ақ, Бобиржан Моминов грузин боксшысын ұтып, жеңіліссіз сериясын ұзартты. Арман Рысбек болса <span>Сандро Терашвилиді алғашқы минутта нокаутқа түсірді.</span>

Айдос Ербосынұлы сегізінші кездесуінде WBA Азия аймағының чемпиондық белбеуіне ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегі қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық Хизни Алтункая арасында өтеді. Екі боксшы бірінші ауыр салмақтағы WBA вакантты чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или