Қазақстандық боксшы ресейлік қарсыласын нокаутпен ұтты
Астана қаласындағы «Барыс Арена» кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Андеркартта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (3-2, 3 КО) мансабындағы төртінші жеңісіне жетті. Ол төрт раундқа жоспарланған жекпе-жектің екінші раундында ресейлік қарсыласы Сергей Белошапкинді (11-27-1, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңді.
Бұған дейін қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір орыс боксшысын алғашқы минутта жеңген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегі қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық Хизни Алтункая арасында өтеді. Екі боксшы бірінші ауыр салмақтағы WBA вакантты чемпиондық белбеуін сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или