Айдос Ербосынұлы WBA аймақтық чемпиондық белбеуін иемденді

Айдос Ербосынұлы WBA аймақтық чемпиондық белбеуін иемденді

Астана қаласындағы «Барыс Арена» кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Андеркартта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы(7-0, 6 КО) мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек тез аяқталды. Қазақстандық боксшының қарсыласы әзірбайжандық Исмат Эйнуллаев (13-3, 9 КО) екінші раундта жұдырықтасудан бас тартты.

Осылайша Айдос Ербосынұлы сегізінші кездесуінде WBA Азия аймағының чемпиондық белбеуіне ие болды. Бір қызығы Исмат Эйнуллаев мансабында үш қазақстандық боксшыдан жеңілген екен. Осыған дейін Исмат Мадияр Әшкеев пен Әли Ахмедовтен ұтылған.

Бұған дейін қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір орыс боксшысын алғашқы минутта нокаутқа түсірсе, Еділ Қожамбердиев екінші раундта жеңіске жетті. Ал Миржан Рақымжанов кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Уәлихан Бисенқұлов әзірбайжандық қарсыласын ұтып, жеңіліссіз сериясын соза түсті. Кештің бесінші жекпе-жегінде Айдын Елжанов әзірбайжан боксшысын төрешілердің шешімі бойынша ұтса, Диас Тастеміров кездесуін уақытынан бұрын аяқтады. Сондай-ақ, Бобиржан Моминов грузин боксшысын ұтып, жеңіліссіз сериясын ұзартты.

Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегі қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық Хизни Алтункая арасында өтеді. Екі боксшы бірінші ауыр салмақтағы WBA вакантты чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или