Бобиржан Моминов жеңіліссіз сериясын ұзартты
Астана қаласындағы «Барыс Арена» кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.
<span>Андеркартта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Бобиржан Моминов (6-0, 5 КО) мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ол алты раундқа жоспарланған жекпе-жектің бесінші раундында грузиндік қарсыласы Гиорги Блиадзені (7-6, 2 КО) техникалық нокаутпен ұтты.</span>
<span>Бұған дейін қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір орыс боксшысын алғашқы минутта нокаутқа түсірсе, Еділ Қожамбердиев екінші раундта жеңіске жетті. Ал Миржан Рақымжанов кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Уәлихан Бисенқұлов әзірбайжандық қарсыласын ұтып, жеңіліссіз сериясын соза түсті. Кештің бесінші жекпе-жегінде Айдын Елжанов әзірбайжан боксшысын төрешілердің шешімі бойынша ұтса, Диас Тастеміров кездесуін уақытынан бұрын аяқтады.</span>
Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегі қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық Хизни Алтункая арасында өтеді. Екі боксшы бірінші ауыр салмақтағы WBA вакантты чемпиондық белбеуін сарапқа салады.