Қазақстандық боксшы әзірбайжандық қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы әзірбайжандық қарсыласын нокаутқа түсірді

Астана қаласындағы «Барыс Арена» кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Андеркартта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Диас Тастеміров (2-0, 2 КО) мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ол төрт раундқа жоспарланған жекпе-жектің екінші раундында әзірбайжандық қарсыласы Элвин Ахунзаданы (4-0, 2 КО) нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Бұған дейін қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір орыс боксшысын алғашқы минутта нокаутқа түсірсе, Еділ Қожамбердиев екінші раундта жеңіске жетті. Ал Миржан Рақымжанов кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Уәлихан Бисенқұлов әзірбайжандық қарсыласын ұтып, жеңіліссіз сериясын соза түсті. Кештің бесінші жекпе-жегінде Айдын Елжанов әзірбайжан боксшысын төрешілердің шешімі бойынша ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегі қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық Хизни Алтункая арасында өтеді. Екі боксшы бірінші ауыр салмақтағы WBA вакантты чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или