Айдын Елжанов әзірбайжан боксшысын төрешілердің шешімі бойынша ұтты

Айдын Елжанов әзірбайжан боксшысын төрешілердің шешімі бойынша ұтты

Астана қаласындағы «Барыс Арена» кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Андеркартта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Айдын Елжанов (4-1, 3 КО) мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ол төрт раундқа созылған жекпе-жекте әзірбайжандық қарсыласы Асқар Рагимовтан (2-1, 1 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша басым түсті.

Бұған дейін қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір орыс боксшысын алғашқы минутта нокаутқа түсірсе, Еділ Қожамбердиев екінші раундта жеңіске жетті. Ал Миржан Рақымжанов кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Уәлихан Бисенқұлов әзірбайжандық қарсыласын ұтып, жеңіліссіз сериясын соза түсті.

Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегі қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық Хизни Алтункая арасында өтеді. Екі боксшы бірінші ауыр салмақтағы WBA вакантты чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или