Уәлихан Бисенқұлов мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Уәлихан Бисенқұлов мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Астана қаласындағы «Барыс Арена» кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Андеркартта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Уәлихан Бисенқұлов (5-0, 5 КО) мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ол сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жектің екінші раудында әзірбайжандық қарсыласы Анар Абдуллаевтан (2-2, 2 КО) техникалық нокаутпен басым түсті.

Бұған дейін қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір орыс боксшысын алғашқы минутта нокаутқа түсірсе, Еділ Қожамбердиев екінші раундта жеңіске жетті. Ал Миржан Рақымжанов кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегі қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық Хизни Алтункая арасында өтеді. Екі боксшы бірінші ауыр салмақтағы WBA вакантты чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или