Қазақ боксшысы кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады

Қазақ боксшысы кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады

Астана қаласындағы «Барыс Арена» кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Андеркартта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Миржан Рақымжанов кәсіпқой рингтегі мансабын жеңіспен бастады Ол төрт раундқа жоспарланған жекпе-жектің алғашқы раудында 38-жастағы ресейлік қарсыласы Александр Салтыковты (11-48-3, 6 КО) төрешілердің шешімімен жеңді.

Бұған дейін қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір орыс боксшысын алғашқы минутта нокаутқа түсірсе, Еділ Қожамбердиев екінші раундта жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегі қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық Хизни Алтункая арасында өтеді. Екі боксшы бірінші ауыр салмақтағы WBA вакантты чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или