ҚХЛ-дың жұлдыздар матчына Жайлауовтың қатысқаны дұрыс болар еді - Б.Боченски

ҚХЛ-дың жұлдыздар матчына Жайлауовтың қатысқаны дұрыс болар еді - Б.Боченски
<p style="text-align: justify;"> <strong>Кеше Құрлықтық хоккей лигасының жұлдыздар матчына қатысатын үміткерлерге дауыс беру аяқталды. Оның қорытындысы бойынша &laquo;Барыстың&raquo; шабуылшысы - Брэндон Боченски алғашқы бестікке енді.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Боченски 8 мыңға жуық дауыс жинады. Алайда оның алдында &laquo;Барыс&raquo; сайтына берген сұхбатында ол ҚХЛ-дың жұлдыздар матчына Талғат Жайлауовтың қатысқаны дұрыс болады деген пікірін жеткізген еді. &laquo;Себебі Талғат өте жақсы ойнайды. Сосын біздің командамызда жалғыз ол ғана Қазақстан мен Астананы таныстыра алады. Оны сол матчта көргім келеді&raquo;, - деген болатын.</p> <p style="text-align: justify;"> Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасының әрбір чемпионаты аясында жұлдыздар матчы өтеді. Оған үздік хоккейшілер қатысады. Бұл ойында батыс және шығыс конференциясының екі құрама командасы бір-біріне қарсы шығады. Осы жолғы матч 11 қаңтар күні Словакияның Братислава қаласында өтеді, - деп Қазақпарат агенттігі жазады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или