«Зорланған» колумбиялық қызбен болған жәйт жалған ақпарат болуы мүмкін
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресейде болған Колумбия қызы мен Қазақстандық азаматтар арасындағы келеңсіз жәйт туралы түсініктеме берді.
«Ресейдегі консулдарда мұндай ақпарат жоқ, бірақ болған оқиғаның мән-жайын анықтаймыз. Бұл жедел хабарламалар үшін арнайы жасалған жалған ақпарат болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Желіде тарап кеткен шұғыл іздестіру туралы анықтамасына сәйкес, колумбиялық қызды зорлаған жігіттер өздерін қалталы жапондармыз деп таныстырған «қазақтар» болып шыққан.
<span>Бұған дейін де Әлем чемпионатында мұндай жағдай орын алған болатын. Өздерін аргентиналық деп таныстырған армян жігіттері Қытай азаматшасымен төсек қатынасына түскен.</span>
Орын алған екі жәйттің<span> хаттамасының мазмұны бірдей. Екі жапа жегуші де төсек қатынасын бейнежазбаға түсіргені үшін құқық қорғау орындарына шағымданған. </span>