Брэндон Боченски «Барысқа» қайта қосылды

Брэндон Боченски «Барысқа» қайта қосылды

«Барыс» хоккей клубы Брэндон Боченскимен бір жылға келісімшартқа отырды. Команданың аңызына айналған америкалық хоккейші келесі маусымда елордалықтардың намысын қорғайды.

Қазақстанға алғаш 2010 жылы келіп, 2017 жылға дейін команда намысын қорғаған Боченски осы аралықта 399 ойын өткізіп, 397 ұпай (160+237) жинаған. Бұл Құрлықтық хоккей лигасының тарихындағы тоғызыншы көрсеткіш және «Барыс» тарихындағы ең үздік статистика. Сондай-ақ, Боченски Құрлықтық хоккей лигасының «Жұлдыздар матчында» екі рет ойнаған. 2015 жылы Қазақстан азаматтығын алып, Әлем чемпионатына қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы маусымнан кейін ойыншы жарақатына байланысты карьерасын аяқтауға мәжбүр болған.

- Қазақстанға қайта оралғаныма бақыттымын. Енді «Барысты» қайта үздіктер қатарына қосуға тырысамыз. Жанкүйерлер бізден қолдауларын аямайды деп үміттенеміз, - деп ағынан жарылды Боченски.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или