«Барыс» хоккей клубы өзінің бұрынғы капитанын қатарына қосты
«Барыс» хоккей клубы өзінің бұрынға капитаны Брэндон Боченскиді қатарына қайта қосты, деп хабарлайды Prosports.kz ҚХЛ-дың ресми сайтына сілтеме жасап.
Атақты шабуылшымен астаналықтар біржылдық келісімшартқа отырды. Айта кету керек, бір жыл бұрын Боченски спорттағы мансабын аяқтаған болатын.
36 жастағы хоккейші 2010-2017 жыл аралығында «Барыс» сапында өнер көрсеткен еді. 7 маусым ішінде ол 399 матчқа қатысып, 397 ұпай жинаған (160+237).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или