«Барыс» екі канадалық ойыншымен келісімшартқа қол қойды

«Барыс» екі канадалық ойыншымен келісімшартқа қол қойды

«Астана» Президенттік клубы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Барыс» хоккей клубы кеше екі ойыншымен келісімшартқа отырған. Олар - канадалық шабуылшылар Кертис Вок пен Патрис Кормье.

Патрис Кормье биылғы маусымды АҚШ-та ҰХЛ-ден кейінгі екінші орынды алатын Америка хоккей лигасындағы «Манитоба Мус» клубында өткізіп, команданың капитаны болды. Айтпақшы, «Манитоба Мус» бұл әйгілі «Виннипегтің» фарм-клубы. Шабуылшы осы ұжымда 78 ойында 45 ұпай (22+21) жинады.

Сондай-ақ, 28 жасар форвард Ұлттық хоккей лигасында да ойнаған. 49 кездесуде 5 ұпай (1+4) жинапты. Бұдан бөлек, 2010 жылғы Әлем чемпионатында Канада жастар құрамасының капитаны болған.

Патрис Кормьемен «Барыс» 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін келісімшартқа отырды.

Ал Кертис Вок бұған дейін «Флориданың» фарм-клубы саналатын АХЛ-дағы «Спрингфилд Тандербердс» командасының намысын қорғаған Өткен маусымда өз командасының ең нәтижелі ойыншысы атанып, тұрақты чемпионаттың ТОП-10 сұрмергені қатарынан көрінген. 73 ойында 62 ұпай (20+42) жинапты. Ұлттық хоккей лигасында 2017 жылдың 14 қарашасында бір рет айдынға шығып, «Флорида Пантерс» сапында «Далласқа» қарсы ойнаған екен.

Бұл ойыншымен де «Барыс» 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін келісімшартқа отырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или