«Барыс» Брэндон Боченскимен келісімге қол қойды
Астаналық «Барыс» хоккей клубы шабуылшы Брэндон Боченскимен бір жылдық келісімшарт жасасты, деп хабарлайды prosports.kz сайты shaiba.kz-ге сілтеме жасап.
Бір қызығы, хоккейші бір жыл бұрын өзінің мансабын аяқтаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Брэндон Боченски 2010 жылдан 2017 жылға дейін «Барыс» сапында өнер көрсетті. ҚХЛ-да жеті маусымда ол 399 матч өткізіп, 397 (160 +237) ұпай жинады. Бұдан бөлек, Қазақстан ұлттық құрамасында 15 матчта алаңға шығып, 12 (5 +7) ұпай еншіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или