Қазақстанның үздік хоккейшісі белгілі болды
Өскемендік «Торпедо» хоккей клубының және ұлттық құраманың капитаны Евгений Рымарев Қазақстанның үздік хоккейшісі атанды.
«Қазақстанның үздік хоккейшісі» байқауының директорлар кеңесі 2017-2018 жылғы маусымның лауреатын анықтайтын дәстүрлі сауалнаманың қорытындысын жариялады.
Дауыс беру нәтижесінде «Торпедоның» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы 29 жастағы Евгений Рымарев 2017-2018 маусымының үздік хоккейшісі атанды. Жеңімпаз осыдан төрт жыл бұрын байқаудың үшінші орнына табан тіреген болатын. Екінші орынды 22 жастағы өскемендік Семен Кошелев жеңіп алды.
Хоккейші «Авангардтың» құрамында ҚХЛ плей-офф кезеңінде өзін барынша көрсете білген, сондай-ақ, Ресейдің олимпиада құрамасына шақырту алған.
Үшінші орынға «Барыстың» және ұлттық құраманың 32 жастағы шабуылшысы Роман Старченко жайғасты. Ол 2013 және 2015 жылдары Қазақстанның үздік хоккейшісі атанған.