«Канелоның» промоутері GGG талап еткен қаржыны өз қалтасынан төлейді
<span>Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жектің келіссөзі ұзаққа созылып барып, қос тарап бір ымыраға әрең келген еді, деп жазады prosports.kz сайты.</span>
<span>Жақында мексикалық боксшының промоутері Оскар Де ла Хойя Головкиннің талабын орындау үшін өз қалтасынан қаржы қосқанын айтты. Оның айтуынша, екі боксшы да өз дегенінен қайтпағандықтан сыйақының белгілі мөлшерін өзі төлеуге бекіген екен.<br /></span>
<span>- Арадағы айырмашылықты (42,5% және 45% арасындағы) толтырып, осы жекпе-жекке қол жеткізу үшін өз қаражатымды да салдым. Иә, біраз қаржымнан айрылған шығармын, бірақ бәрі ойдағыдай. Головкин табыстың 45%-ын алғысы келді. Ал Альварестің ойы 42,5%-ын ғана беру еді. Осылайша, мәселе бірнеше миллион долларға тіреліп тұрды. Оны «Канелодан» ала алмадым, өйткені ол да өз дегенінен қайтпады, сол себепті артық ақшаны өзім төледім, - дейді Де ла Хойя.</span>