Бокс

Головкин Альвареспен кездесуден қанша сыйақы алатынын айтты

Головкин Альвареспен кездесуден қанша сыйақы алатынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен өтетін екінші жекпе-жек алдында жүргізілген келіссөз жайлы айтып берді, деп хабарлайды prosports.kz.

- Келіссөздер өз тәртібімен жүргізілді. Мен 35% немесе 42,5% емес, 45% сыйақы алғым келді. Біз соңында өте жақсы келісімге келдік. Мен бұған қуаныштымын, - деп келтірді ESPN Геннадийдің сөзін.

Бірақ, келісімшарттың толық мазмұны нақты айтылмады. Тек Геннадий егер өзі қалағандай келісім жасалмаған болса, жекпе-жек өтпейтінін ғана айтты. Ал ақпарат құралдарында 15 қыркүйекте өтетін кездесуден Головкин 40 миллион доллар табады деп болжануда.

- Менің бастапқы талабым 50-де 50 болатын. Бірақ, кейін табыстың 45%-ын алуға келісім бердім. Менің ойымша, 55/45% екі тарапқа да ыңғайлы бөліс болады. Егер бұлай болмаса біздің келісім жүзеге аспас еді. Golden Boy және «Канело» менің төмен пайыздық мөлшерлемемен келіспейтінімді білді. Мен 45% сыйақы алатынымды, әрі бұның соңғы сөзім екенін айттым, - деді GGG

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер