«Барыс» ХК бүгін «Слованмен» кездеседі
<p style="text-align: justify;">
<strong>Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңда «Слован» (Словакия, Братислава) командасын қабылдайды.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Братислава хоккей клубының Құрлықтық хоккей лигасына қосылғанына көп болған жоқ. Сондықтан осы уақытқа дейін бұл екі команда үш-ақ рет кездесті. Алғашқы екі ойында «Слован» 4:2 есебімен жеңіске жетсе, соңғы матчта «Барыс» өз қарсыласын 6:2 болып ұтқан. Бүгінгі мачта да Астана қаласының хоккей клубы айқын басымдықпен жеңіске жетеді деген болжам бар.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естереңізге сала кетсек, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде басталады. Аталған ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или